Актер денсаулығына салғырт қарағанына өкініш білдірген.
"Қатты өкінемін...": актер Мұрат Бисембиннің соңғы сұхбаты жарияланды (видео)
Фото: YouTube
735
оқылды

Актер Мұрат Бисембиннің Динара Сәтжанға берген соңғы сұхбаты жарияланды, – деп жазды Aikyn.kz.

Онда актер денсаулығына салғырт қарағанына өкініш білдірген.

“Алты жыл бойы ашқарынға энергетик сусын іштім. Сосын қантсыз коланы таңертеңнен кешке дейін ішіп жүрдім. Бұл тәбетімді тежейді деп ойладым. Сонымен бірге, өзімше осындай тәсіл тауып алғаным керемет болды деп жүрдім. Менің диагнозымның ең бірінші белгісі салмақ жинамау екен. Бірақ сусындар менің денсаулығыма зиянын тигізді. Қатерлі ісікке шалдығуымның бірден-бір себебі де осы зиянды сусындар болуы мүмкін”, – деп ағынан жарылған актер. 

Ол көпшілікке уақытында тексеріліп, денсаулығына мән беруге кеңес берген. Өзі бәрін кейінге қалдырып, денсаулығына көңіл бөлмегеніне қатты өкінетінін жеткізген.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Орталық мешітте актерді соңғы сапарға шығарып салды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.