2026 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа қаулыға сәйкес, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті деңгейлерін бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл мөлшерлемелер 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады. Құжат ипотека бойынша шекті мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға дейін төмендету талабын тоқтатып, бұрынғы деңгейге қайтарды.
ЖТСМ шектері келесідей белгіленді: кепілсіз банктік несиелер мен микронесиелер үшін – 46%, кепілді несиелер үшін – 35%. Ал 45 АЕК-ке дейінгі және 45 күнге дейінгі қысқамерзімді микронесиелер бойынша сыйақы күніне 0,3%-дан аспауы және жылдық 179%-дан жоғары болмауға тиіс.
Нәтижесінде, бұл көрсеткіштер 2025 жылдың көктемінде белгіленген деңгеймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды, яғни нарықтағы тұрақтылық сақталып отыр.