Полиция таратқан мәліметке сәйкес, ер адамның бойы 170-175 сантиметр шамасында, дене бітімі орташа.
Атырауда 59 жастағы ер адам жоғалып кетті
574
оқылды

Атырау қаласында 59 жастағы Талғат Назаров есімді азамат іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол 2026 жылғы 9 қаңтар күні шамамен сағат 13:30-да Көкарна шағынауданындағы үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

Полиция таратқан мәліметке сәйкес, ер адамның бойы 170-175 сантиметр шамасында,  дене бітімі орташа. Үстінде қара түсті күрте мен қара шалбар болған.

Құқық қорғау органдары азаматтарды Талғат Назаровтың жүрген жері жайлы қандай да бір ақпарат білсе, бірден полицияға немесе жақын маңдағы бөлімшеге хабарласуға шақырады.