Трамп пен Зеленский Давоста Украинаға соғыстан кейінгі қалпына келтіру мен экономикалық дамуға арналған 10 жылдық, көлемі 800 млрд доллар болатын келісімге қол қоюды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Келісім АҚШ инвесторларына Украинадағы пайдалы қазбалар мен ірі инфрақұрылым жобаларына басым қолжетімділік беруге негізделген. Бұл бастама Украина экономикасын қайта іске қосуға бағытталған.
Киев бұл ұсыныс арқылы Вашингтонды Украина қауіпсіздігіне нақты кепілдіктер беруге ынталандырғысы келеді. Келісім Ресеймен соғысты тоқтатуға бағытталған кеңірек саяси пакеттің бір бөлігі ретінде қарастырылады, алайда оның толық мазмұны жарияланбаған және Мәскеудің келісімге келу дайындығы әлі белгісіз.