Қазіргі уақытта клуб 19 турдан кейін 26 ұпай жинап, турнирлік кестеде 13-орында тұр.
Қазақстандық футболшы мансабын Түркияда жалғастырады
215
оқылды

Қазақстандық футболшы Лев Скворцов өз болашағын анықтап, маусым соңына дейін Түркияның «Серикспор» клубымен келісімшартқа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

«Серикспор» — Түркияның бірінші лигасында ойнайтын команда. Қазіргі уақытта клуб 19 турдан кейін 26 ұпай жинап, турнирлік кестеде 13-орында тұр.

Бұған дейін Скворцов «Ақтөбе», «Тұран», «Атырау», «Астана», сондай-ақ Ресейдің «Шинник» және «Химки» командаларында өнер көрсеткен. 2023–2024 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылған.

Өткен маусымда ол «Ақтөбе» сапында барлық турнирлерде 22 матч өткізіп, 1 гол соқты.