Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгте өткен ATP-250 санатындағы турнирдің финалында әлемдік рейтингте 7-орында тұрған италиялық Лоренцо Музеттиді екі сетте – 7:6, 6:3 есебімен жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл – Бубликтің кәсіби мансабындағы 16-шы финал және қатарынан бесінші жеңісті финалы.
Осы жеңісінің арқасында ол алғаш рет ATP рейтингінде ТОП-10-ға, яғни 10-орынға көтеріледі.
Гонконг турниріндегі жеңісі үшін Бублик 106 460 АҚШ доллары көлемінде сыйақы мен 250 рейтингтік ұпай алды. Ал финалда жеңілген Лоренцо Музетти 62 115 доллар және 165 ұпай иеленді.