Жолаушыларға рейстер туралы ақпаратты әуекомпаниялардың ресми көздерінен тексеру ұсынылды
Ыстамбұлда қалың қар жауып, екпінді жел күтілуде
TRThaber
205
оқылды

Ыстамбұлда қатты қар жаууы мүмкін деген ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

TRT Haber дерегінше, қаланың метеорология басқармасы мен төтенше жағдайларды үйлестіру орталығы (AKOM) алдағы күндері ауа райының күрт суытатынын хабарлады. Қазір шамамен +10°C болып тұрған ауа температурасы жексенбі кешіне қарай +2–3°C-қа дейін төмендейді.

Бүгін кешке Ыстамбұлда жаңбыр мен қар аралас жауын күтіледі, ал биік аймақтарда қар жауады. Дүйсенбі күні таңғы 6:00-ден бастап қаланың кейбір аудандарында қалың қар түсуі мүмкін. Апта соңына дейін ауа райы құбылмалы, бұлтты болады деп болжанып отыр.

Мармара өңірінде солтүстік бағыттан соғатын желдің жылдамдығы 50–70 км/сағ-қа жетуі мүмкін. Осыған байланысты Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, ертең рейстер саны 10 пайызға қысқартылатыны хабарланды. Жолаушыларға рейстер туралы ақпаратты әуекомпаниялардың ресми көздерінен тексеру ұсынылды.