Осы маусымда Зайнутдинов «Динамо» сапында Ресей чемпионаты мен Кубогында 10 матч өткізді
Бактиер Зайнутдинов маңызды мәлімдеме жасады
kff.kz
512
оқылды

Мәскеулік «Динамо» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Instagram желісінде үміт сыйлаған жазба жариялады. Ол жаттығу залындағы видеосын бөлісіп, «Жұмысқа кірісіп жатырмыз» деп жазған.

Осы маусымда Зайнутдинов «Динамо» сапында Ресей чемпионаты мен Кубогында 10 матч өткізді, бірақ нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ. Қазақстандық футболшы соңғы рет қазан айының ортасында алаңға шыққан, содан кейін жарақатынан кейін қалпына келу кезеңінде болған.