Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысып, алғашқы күні жекелей сайыста өнер көрсетті.
Қазақстан фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетуін бастады
100
оқылды

Лэйк-Плэсидте (АҚШ) фристайл-акробатикадан әлем кубогының кезекті кезеңі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысып, алғашқы күні жекелей сайыста өнер көрсетті.

Ерлер арасында Шерзод Хаширбаев 17-орынға табан тіреді. Роман Иванов 25-орынды иеленсе, Асылхан Асан  27, Ұланбәкір Өмірзақов  30, Дінмұхамед Райымқұлов 33-орынмен жарысты аяқтады.

Әйелдер арасында Аяна Жолдас тіркелгенімен, жарысқа қатысқан жоқ.

Әлем кубогы кезеңінің екінші жарыс күні 13 қаңтарға қараған түні өтеді.