Қазіргі таңда мұндай көрсеткішке тек АҚШ пен Италия ғана қол жеткізді.
Қазақстан әлемдік теннистің ең үздік үш мемлекетінің бірі атанды
Фото. ҚТФ
182
оқылды

Қазақстан құрамасы теннистен ерлер және әйелдер арасында әлемдік рейтингтің алғашқы ондығында ұсынылған елдердің қатарына енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі таңда мұндай көрсеткішке тек АҚШ пен Италия ғана қол жеткізді. Бұл ұлттық құрама көшбасшыларының табысты өнер көрсетуінің арқасында мүмкін болды.

ҚР Теннис федерациясы мәліметінше, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінің үздік ондығындағы орнын тұрақты түрде сақтап, 2026 жылды бесінші орынмен бастады.

Ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жуырда Гонконгта өткен ATP турнирінде жеңіске жетіп, мансабындағы тоғызыншы титулын жеңіп алды. Турнир қорытындысы бойынша ол ATP әлемдік рейтингінде 10-орынға көтерілді. Бұл еліміздің ерлер теннисі тарихындағы тұңғыш көрсеткіш.

Сонымен қатар Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогінің рейтингінде де үздік ондықтың қатарында тұр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.