Мамандар Рамазанға дайындықты алдын ала бастауды ұсынады.
Биыл Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды
Фото: istockphoto.com
155
оқылды

2026 жылы Рамазан айы 19 ақпанда басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚМДБ мәліметінше, Қадір түні наурыздың 16-нан 17-іне қараған түнге сәйкес келеді. Ай күнтізбесіне байланысты ораза 29 немесе 30 күнге созылады. Ал қасиетті айдың аяқталуы мен Ораза айт мерекесі 20 наурызға сәйкес келеді.

Ораза айт наурыздың 20-сында басталып, үш күнге созылады.

Ал Құрбан айт мамырдың 27-сі мен 29-ы күндері өтеді.

Рамазан - мұсылмандардың асыға күтетін, ораза ұстаған жанға Алланың сауабы төгілетін, айлардың сұлтаны болған қаситті ай.

Мамандар Рамазанға дайындықты алдын ала бастауды ұсынады. Ол үшін ниетті дұрыстау, өткен қаза оразаларды өтеу, тамақтану тәртібін жеңілдету және дін талаптарымен танысып шығу маңызды. Сондай-ақ ащы, майлы тағамдардан, кофе мен газдалған сусындардан бас тарту ағзаны оразаға дайындауға көмектеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.