Әнші Әбдіжаппар Әлқожа имам Нұрлан Байжігітұлына берген уәдесін орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі имаммен видео жариялап, бір жыл бұрын көпшілік алдында берген уәдесін еске алды. Сөйтіп, қымбат смартфон сыйлады.
«Ассалаумағалейкум. Жігіттің екі сөйлегені – өлгені. Халық алдында айтылған уәде орындалуы керек. Біз үшін ең маңыздысы — шынайы ниет пен көңіл», — деді әнші.
Ал Нұрлан имам алғыс білдіріп, ақ батасын берді.
Желі қолданушылары бұл жылы көрініске риза болып, лебізін білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.