Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Түркияның Анталья қаласында өткен ірі халықаралық турнирде өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, отандастарымыз төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі - алтын жүлде.
Антальяда өткен бәсекеде 67 келі салмақтағы Бағдат Сабаз және 72 келідегі Юсуф Ашрапов жеңімпаз атанды.
Ал 63 келіде Еркебұлан Ардақов пен 97 келіде Рахат Бержанов қола медаль иеленді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.