Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Сен ғана керексің!»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)
188
оқылды

Актриса Дариға Бадықова мен Олжас Абай шығармашылықтағы жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Олар жаңа әні жарыққа шыққанын айтты. Ән «Сен керексің» деп аталады. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Бұл ән бұрынғылардан өзгеше! Кейде өмірдің хаосында, жақындарға ренжігенде, ішкі күмән мен арпалыста біз ең маңызды нәрсені ұмытып кетеміз — біреуге шын керек екенімізді. Сен керексің. Кейде үндемей қолдау үшін, кейде тек жай ғана күлімдеу үшін, кейде біреудің өмірін өзгертетін бір ауыз сөзді айту үшін ғана. Бұл ән – дәл сендей жандарға. Көзге көрінбей жақсылық жасап, үнсіз сүйіп, тіршіліктің қалың тұманында біреуге жарық болғандарға. Сен барсың. Сен керексің", - деп жазды актер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.