Бірақ егер шешілетін сома осы лимиттен асып кетсе, банк кәсіпкерден қаражат шешу мақсатын және деректерді Мемлекеттік кірістер комитетіне беруге жазбаша келісімін сұрауға міндетті.
Биылдан бастап кәсіпкерлер үшін қолма-қол ақша шешу лимиті қанша екенін белгілі болды
96
оқылды

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлерге банктік шоттан қолма-қол ақша шешу лимиттері өзгермегенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

20 000 000 (жиырма миллион) теңге – шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін;

120 000 000 (жүз жиырма миллион) теңге – орта кәсіпкерлік субъектілері үшін;

150 000 000 (жүз елу миллион) теңге – ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін.

Бірақ егер шешілетін сома осы лимиттен асып кетсе, банк кәсіпкерден қаражат шешу мақсатын және деректерді Мемлекеттік кірістер комитетіне беруге жазбаша келісімін сұрауға міндетті.

ҚР Қаржы министрлігінің басқарма басшысының орынбасары Ернар Таубеков бұл механизмді былай түсіндірді:

«Кәсіпкер банкке қолма-қол ақша шешуге өтінім беріп, шешу мақсатын растауы керек. Осыдан кейін банк өтінім деректерін Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдайды. Бұл өтінімді аталған компанияда қауіптің бар-жоғына қарай тексереді. Жауап банк өтінімді жіберген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде беріледі»,-дейді ол.