Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, Франция спортшысы Уго Умбермен кездеседі.
Александр Шевченко Аустралиядағы турнирдің 1/4 финалына жолдама алды
Фото: ҚР ҰОК
77
оқылды

Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Шевченко Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін сынға түседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз жекелей сайыстың 1/8 финалында Венгрия өкілі Мартон Фучовичпен кездесті. Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 55-орында тұрған қарсыласын 6:3, 7:6 есебімен ұтты.

Енді Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, Франция спортшысы Уго Умбермен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.