Блогер ар-намыс пен беделін қорғау, кибербуллингті тоқтату, моральдық зиянның өтемақысын өндіру, сондай-ақ авторлық құқықтар мен жеке деректерге қатысты құқықтардың бұзылуы бойынша сотқа талап-арыз түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сот торттың жасалып, мақсатына сай қолданылғанын және оның құны алдын ала келісілмегенін анықтады. Бұл жағдай дау туындауына себеп болған.
Әлеуметтік желілердегі жарияланымдар үшінші тұлғалардың видеосын репосттау сипатында болған, ал материалдардың ар-намысқа тиюі жөнінде сараптама жасалмаған. Авторлық құқықтар мен жеке деректердің бұзылғаны сот тарапынан расталмады.
Нәтижесінде, сот блогердің барлық талабын қанағаттандырудан бас тартты. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ және шағымдануға жатады.
Бұған дейін кондитер істің бір бөлігін ұтып шыққан еді. Блогерден торттың ақысы ретінде 200 мың теңге, моральдық зиян мен сот шығындары өндіріліп, жалған ақпаратқа ресми теріске шығару жариялау міндеттелген еді.