Әйелдер арасындағы "скит" сайысында Адель Садақбаева үздік атанды.
Қазақстан құрамасы стенд атудан Азия чемпионатында бес медаль алды
Фото: ҚР ҰОК
84
оқылды

Қазіргі таңда Доха (Қатар) қаласында стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Отандастарымыз турнир аясында 5 медальға ие болды. Оның ішінде: 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.

ҚР ҰОК мәліметінше, әйелдер арасындағы "скит" сайысында Адель Садақбаева үздік атанды. Сонымен қатар дәл осы сайыс түрінен Ольга Хайлова үшінші орын алды.

Одан бөлек, "скит" дисциплинасында әйелдер құрамасы командалық сайыста алтыннан алқа тақты. Құрама сапында Адель Садақбаева, Ольга Хайлова, Әсем Орынбай ел намысын қорғады.

Ерлер арасындағы бәсекеде Эдуард Ещенко күміс медальға қол жеткізді. Ол "скит" сайысында топ жарды. Сонымен қатар дәл осы сайыс түрінен ерлер құрамасы командалық бәсекеде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Ратмир Еникеев, Эдуард Ещенко, Илья Пеньков өнер көрсетті.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.