Компьютерлік желілердің істен шығуына байланысты мұнай алыбы күнделікті операцияларды телефон қоңыраулары, қағаз есептер және тегін мессенджерлер арқылы басқаруға мәжбүр болып отыр.
Кибершабуылдан кейін Венесуэланың мұнай саласы WhatsApp-қа көшті
110
оқылды

Венесуэланың мемлекеттік мұнай компаниясы PDVSA 15 желтоқсанда жасалған ауқымды кибершабуылдан кейін бір айдан бері төтенше режимде жұмыс істеп келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Компьютерлік желілердің істен шығуына байланысты мұнай алыбы күнделікті операцияларды телефон қоңыраулары, қағаз есептер және тегін мессенджерлер арқылы басқаруға мәжбүр болып отыр.

Шабуыл компанияның аса маңызды жүйелерін істен шығарған. Мұнай өңдеу зауыттары, компрессорлық стансалар мен құбырлардағы процестерді бақылайтын жедел басқару платформасы зақымданды. Кәсіпорын ресурстарын басқаруға арналған SAP бағдарламалық қамтамасыз етуі жұмыс істемейді, көптеген операциялар қолмен атқарылып жатыр. Сонымен қатар бухгалтерлік дерекқорларға, төлем жүйелеріне және өндіру статистикасына қолжетімділік жоқ.

Корпоративтік электрондық пошта өшірілгендіктен, заң, қаржы және инженерлік бөлімдердің қызметкерлері, сондай-ақ медицина персоналы жұмысты WhatsApp пен Telegram арқылы үйлестіруге мәжбүр. Ал Ориноко мұнай белдеуіндегі операциялар үшін қызметкерлер жеке Gmail аккаунттарын пайдаланып отыр.

Қалыптасқан жағдай төлемдерде бейберекетсіздікке әкелді. Мердігерлер мен қызметкерлер жалақысын кешігіп алып жатыр. Жеке кабинеттеріне кіре алмаған PDVSA зейнеткерлері Каракастағы штаб-пәтерге келіп, зейнетақыны резервтік шоттар арқылы алу үшін қағазға қолмен жазылған деректерін тапсыруға мәжбүр.

Венесуэла мұнайының болашақтағы сатылымын бақылауға ұмтылып отырған Вашингтон бұл кибершабуылға қатысы бар екенін мойындаған жоқ.