Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды.
Талғарда әйелді бес жасар қызының көз алдында өлтіріп кетті
264
оқылды

Өңірлік полицияның мәліметінше, 14 қаңтар күні адам өлтіруге күдікті ретінде Рысқұлов ауылының 45 жастағы тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Ол марқұм әйелдің азаматтық некедегі жұбайы болған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала дерек бойынша, отбасылық жанжал кезінде күдікті әйелге пышақ жарақаттарын салған. Бірнеше сағаттан кейін әйел алған жарақаттарынан қайтыс болған. Марқұмды жарақаттармен оның туыстары тапқан. Сондай-ақ қаза тапқан әйелдің жүкті болғаны хабарланды.