Продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қайғылы хабарды жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында анасының абысыны өмірден өткенін жеткізіп, қайғысын бөлісті.
“Бұл менің бұрындары ауылға келгенімде көрініп жүрген Күлше апам. Алдыңғы бір келгенімде шапанын жауып, ақ орамалын тағып, ақшалай сыйлығымды беріп, маңдайымнан қысып, құшақтап анамды көргендей бетімнен сүйіп, батасын алып кетіп едім, анамыз бақытты болды. Анашымның абысыны ғой, үйіміз қарсы үйде тұратын, сіздің үй, біздің үй болып бөлінбеуші едік. Жаныңыз жәннатта болсын, Күлше апа! Күлше апам, бір ғасыр өмір сүрді. Сонда да қимастық, апамыз балалық шағымыздың, ата-анамыздың елесіндей еді, көрген сайын анамызбен сол бауырдай самаурынның шайын шүйіркелесіп ішіп отырғандары елестейтін. Бүгін 7 күндік асын беріп, қонақтарды шығарып салып, жақындары жиналып отырып, анамызды еске алып отырған сәтіміз” – деп жазды ол.
Желі қолданушылары продюсерге қолдау білдіріп, көңіл айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.