Әлеуметтік желіде Ербол Нұрмұхамбетов қоғамдық орында дөрекі сөз айтып, азаматтық некедегі жұбайы, танымал әнші Маржан Арапбаеваны соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға 2026 жылдың қаңтар айында түнгі уақытта болған.
Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Алайда мұндай әрекет қылмыстық құқықбұзушылық ретінде қарастырылуы мүмкін болғанымен, сот бұл жағдайда әкімшілік шарамен шектелген.
Мұнымен қоса тұрғын үй ауласында азаматтық жұбайына қатысты физикалық күш қолданғаны анықталып, қосымша арыз тіркелген.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.