Ол бұл жағдайды қоғам үшін аса ауыр әрі ойлантарлық трагедия деп атады.
Ләйлә Сұлтанқызы 21 жасында қаза тапқан Нұрайдың өліміне қатысты пікір білдірді
ult.kz
180
оқылды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент қаласында қаза тапқан Нұрайдың өліміне байланысты әлеуметтік желіде өз ойын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол бұл жағдайды қоғам үшін аса ауыр әрі ойлантарлық трагедия деп атады.

Тележүргізуші бір сәтте қаншама арман мен ата-ананың үміті бір адамның қатыгездігі салдарынан жойылғанын атап өтті.

«Қандай жаза тағайындалса да, Нұрай қайта келмейді»,- деп жазды ол.

Ләйлә Сұлтанқызы марқұмды кінәлайтын пікірлерге де наразылық білдіріп, мұндай сөздердің адамгершілікке жат екенін айтты. Оның сөзінше, Конституция бойынша адам өмірі мен құқықтары — ең қымбат құндылық, ал күш көрсету мен қысым көрсетуге ешкімнің құқығы жоқ.

Сондай-ақ ол ата-ана үшін баласынан айырылу ең ауыр қасірет екенін айтып, қоғамдағы қатыгездікке, немқұрайдылыққа өкініш білдірді.

Тележүргізуші жастарға үндеу жасап, қыздың артынан қалмай жүру жігіттік емес екенін, бұл сталкерлік әрекет екенін ескертті.

«Намыс — күш көрсету емес. Намыс — “жоқ” дегенді қабылдай білу»,-деп түйіндеді ол.