Спортшы UFC-дегі алғашқы келісімшарты аясында ол төрт рет октагонға шықты
UFC Қазақстан спортшысына соңғы мүмкіндік берді
197
оқылды

Николай Веретенников (13–7) UFC Vegas 113 турниріне соңғы сәтте қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ол америкалық Эрик Ноланның (8–4) орнына шығып, дебютант Жозе Энрике Соузамен (8–1) жекпе-жек өткізеді. Турнир 7 ақпан күні өтеді.

Спортшы UFC-дегі алғашқы келісімшарты аясында ол төрт рет октагонға шықты. Веретенников Дэнни Барлоуға төрешілердің бөлек шешімімен жол берсе, Остин Вандерфордқа техникалық нокаутпен ұтылды. Франсиско Прадоны бөлек шешіммен жеңіп, Пунахеле Сорианодан бір ауыздан қабылданған шешіммен жеңілді.