Реал бапкерінің алғашқы жеңісі
Манчестер Юнайтед «Манчестер Ситиді» жеңді, «Реал Мадрид» «Левантеден» басым түсті
160
оқылды

«Олд Траффордта» өткен матчта «Манчестер Юнайтед» «Манчестер Сити» командасын 2:0 есебімен ұтты. Екі гол да екінші таймда, 10 минуттың ішінде соғылды. Алдымен Бриан Мбеумо есеп ашса, артынша Патрик Доргу мергендік танытты.

Мадридте өткен ойында «Реал» «Леванте» клубын 2:0 есебімен жеңді. Қос гол да үзілістен кейін, жеті минуттың ішінде соғылды. Килиан Мбаппе мен Рауль Асенсио қарсылас қақпасын дәл көздеді. Бұл нәтиже «Реалдың» бас бапкері Альваро Арбелоа үшін алғашқы жеңіс болды.