Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушы төрағасы ретінде Режеп Тайып Ердоғанға ресми хат жолдаған
АҚШ президенті Ердоғанды Бейбітшілік комитетін құруға қатысуға шақырды
256
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды Газа бойынша Бейбітшілік комитетін құруға қатысуға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Түркия президенті жанындағы қоғаммен байланыс жөніндегі директор Бурханеттин Дуранның айтуынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2803-резолюция арқылы Дональд Трамп ұсынған Газа қақтығысын тоқтатуға арналған кешенді жоспарды қолдаған. Осы шешім аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен Газаны қалпына келтіруге жауапты Бейбітшілік кеңесі және оның құрылымдары құрылған.

Дуранның мәліметінше, 2026 жылғы 16 қаңтарда Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушы төрағасы ретінде Режеп Тайып Ердоғанға ресми хат жолдап, оны комитеттің негізін қалаушы мүшесі болуға шақырған.