Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Латвия Республикасының елшісі Даце Руткамен кездесу өткізді.
Латвиямен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды
Фото: gov.kz
143
оқылды

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-латыш ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өзара сауда көлемін ұлғайту үшін  шешуші маңызға ие көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Қызығушылық тудыратын түрлі бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайындық білдірілді, сондай-ақ 2026 жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша, дипломаттар мазмұнды диалогты жалғастыру және екі ел арасындағы жан-жақты өзара ынтымақтастықты тереңдету ниетін растады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.