6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д-Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. ​​
Телеарналар XXV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
Фото: iStock
117
оқылды

Төртжылдықтың басты додасы  Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және  Jibek Joly  республикалық арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.​​​​

Ақ ойындарда 8 спорт түрінен 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бүгінде Қазақстан үш спорт түрі – шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанаудан олимпиадалық квоталардың иегері атанды.​​

Қысқы Олимпиадалар тарихында тұңғыш рет жарыстарды ресми түрде қос қала қабылдайды. Италия төрінде 100-ге жуық елдің 3 000 спортшысы өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр. ​​​​​

Олимпиада кезінде түсірілім топтары дүбірлі додадан эксклюзивті хабар таратады. Сонымен қатар  Qazaqstan  мен  Qazsport  арналарынан күн сайын «Олимпиада күнделігі»,  Qazsport  телеарнасынан тікелей эфирде «Милан – Кортина 2026» студиялық бағдарламасы көрерменге жол тартады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.