Қазақстанда ешқашан ресми түрде жұмыс істемеген азаматтар да қартайғанда табыссыз қалмайды.
Жұмыс істемегендерге зейнетақы қалай есептелетіні белгілі болды
290
оқылды

Олар кем дегенде мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне үміт арта алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес, елдегі зейнетақы жүйесі көпдеңгейлі. Азаматтар базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты (ынтымақты) зейнетақыны және жинақтаушы жүйе арқылы қалыптасқан төлемдерді алуға құқылы. Бірақ ешқашан ресми жұмыс істемеген және міндетті зейнетақы жарналарын төлемеген адамдарға тек базалық зейнетақы ғана тағайындалады.

Әлеуметтік кодекстің 206-бабына сәйкес, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз, не мүлде болмаған жағдайда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің пайыздық үлесімен есептеледі.
2024 жылдан бастап оның ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 65%-ын, ал 2025 жылы 70%-ын құрады.

Сонымен қатар зейнетақы өтіліне тек еңбек қызметі ғана емес, балаларды күту уақыты, мүгедек жандарға немесе қарттарға күтім жасау кезеңдері, әскери қызмет, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік төлемдер алынған мерзімдер де есептеледі. Мәселен, жұмыс істемеген ана зейнетақы мөлшерін арттыру үшін балалардың туу туралы куәліктерін ұсына алады.

Ал егер азаматтың мүлде еңбек өтілі де, зейнетақы жарналары да болмаған жағдайда, ол ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты белгіленетін базалық зейнетақыға ғана үміт арта алады.