Маңғыстау облысында 26 жастағы азамат өзін интимдік сипаттағы суреттермен бопсалап, ақша талап еткендерге қатысты полицияға арызданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Портал мәліметінше, 26 жастағы ер адам жәбірленушінің интимдік суреттерін әлеуметтік желілерде және туыстарына жариялаймын деп қорқытып, 1 миллион теңге талап еткен.
Полицияның хабарлауынша, күдікті 17 қаңтар күні WhatsApp мессенджері арқылы алдымен 200 мың теңге аударуды, ал қалған 800 мың теңгені 20 қаңтарға дейін беруді сұраған. Ақшаны шот арқылы аудартпақ болған.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 17 қаңтарда Жаңаөзен қаласында екі ер адам ұсталды. Тінту кезінде бір күдіктіден көк түсті iPhone 14 Pro Max, екіншісінен қара түсті iPhone 11 телефондары заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөлігімен іс қозғалып, материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.