Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті.
Президент: «Таза Қазақстан» – ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналды
www.istockphoto.com
89
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі. Бұл туралы Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің айтуынша, тазалық тәртіпті күшейтеді, ал тәртіп жауапкершілікті арттырады.

– «Таза Қазақстан» – ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналды. Тазалық халқымыздың адал ниеті мен таза пейілінен басталады. Бұл – ең алдымен көшелерді, үйлерді таза, ұқыпты ұстау деген сөз. Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі. Тазалық тәртіпті күшейтеді, ал тәртіп жауапкершілікті арттырады. Осы маңызды тұжырымды ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Біз сонда ғана нағыз өркениетті және ілгері қадам басушы озық ел боламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.