Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы президенті Рахимжан Ерденбеков Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы ағзасында тыйым салынған заттың бар екенін растағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Жуырда Америкадағы VADA ұйымынан 34 беттен тұратын қорытынды сараптама келіп түсті, және B сынамасы Жәнібек Әлімханұлының допинг қолданғанын растады. Қазіргі таңда Жәнібекке қатысты юрисдикцияны біздің федерация өз қолына алды. Өйткені, ол — федерациямыздың лицензияланған боксшысы. Сонымен қатар оның қатысуымен өткен соңғы бокс кеші Астанада, біздің санкциямызбен ұйымдастырылды. Қазір басты мәселе — ол бұл затты әдейі қабылдады ма, жоқ па? Оның ағзасына қалай түсті? Әзірге осы сұрақ ашық күйінде тұр», — деді Рахимжан Ерденбеков.