Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты айтқан қатаң сынынан кейін Шымкент қаласында кадрлық өзгерістер басталғаны байқалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Egovpress Telegram-арнасының мәліметінше, қаладағы бірқатар жоғары лауазымды полиция қызметкерлері қызметтерінен уақытша шеттетілген.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, аталған шешім Ішкі істер министрлігі жүргізген тәртіптік комиссияның қорытындысы негізінде қабылданған. Комиссия нәтижесінде бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік шара қолданылғаны белгілі болды.
Қызметінен шеттетілгендер тізімі төмендегідей:
– Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлы – Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы;
– Құрманбек Сахов Сатынбекұлы – Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі;
– Қалдарбеков Асылжан Оспанұлы – Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары;
– Жұмағұл Қуаныш Сағыналыұлы – Қаратау аудандық полиция басқармасының бастығы;
– Бекбердиев Өмірбек Жамалбекович – Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі.