Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астанадағы Достық үйінде республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті.
Мемлекеттік саясат – қоғамдық бірліктің негізі
102
оқылды

Кездесуде Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған бастамалар мен этномәдени бірлестіктердің елдегі саяси жаң­ғырудың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу мәселе­лері талқыланды.

Мемлекеттік кеңесші жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның еліміздің орнықты дамуында маңызы зор екенін атап өтті. Ерлан Қариннің айтуынша, мемлекеттік саясаттың «Бірлігіміз – әралуандықта» мызғымас қағидаты қоғамдық бірліктің негізі болып саналады.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері Мемлекет басшы­сының мәдени-гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттағы бастамалары мен шешімдері, сондай-ақ Құрылтайдың V отырысында айтылған ұсыныстар ел дамуы­ның жаңа кезеңіне қатысты тұтас көзқарасты қалып­тастыратынын жеткізді. 

Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері Президент бас­та­маларын қолдайтындарын білдіріп, алдағы реформаларды іске асыруға белсенді түрде қатысуға дайын екендерін айтты.

М.ТӨЛЕУ