Мозес қорғаушы да, вингер де ретінде ойнай алады
«Челси» сапында Англия чемпионы атанған атақты ойыншы «Қайсардың» құрамына қосылды
590
оқылды

Қызылордалық «Қайсардың» құрамын танымал ойыншымен толықтырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  35 жастағы нигериялық футболшы Виктор Мозес клубпен 1+1 форматында келісімшартқа қол қойды.

Мозес қорғаушы да, вингер де ретінде ойнай алады. Ол соңғы рет Лутон Таун сапында өнер көрсеткен.

Бұған дейін Челси, Интер, Спартак сияқты клубтарда ойнаған тәжірибелі ойыншы Англия чемпионы, Еуропа лигасының екі дүркін жеңімпазы және Африка чемпионы атанған.