Дзюдодан Парижде өткен Олимпиаданың чемпионы Елдос Сметов ұлттық құрама сапына қайта қосылып, жаттығу қарқынын күшейткенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Белгілі балуан демалыс күндері де күшейтілген режимде дайындалып жатқанын айтты.
«Бізде демалыс жоқ», – деп жазды татами шебері әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасынан кейін Елдос Сметов бір жарым жылдай үзіліс алып, жарақаттарын емдеумен айналысқан. Сонымен қатар Англияда тіл курстарынан өтіп келген. Бұған дейін ол жаттығуға қайта оралып, халықаралық жарыстарға қатысу мерзімі туралы да пікір білдірген болатын.
Қазіргі таңда балуан мамыр айында Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысуды жоспарлап отыр.