ҚазАвтоЖол Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2026 жылғы 26 қаңтар сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1644-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жосалы ауданынан Қызылорда қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 27 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.