Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.
Қазақстан балуандары халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК
117
оқылды

Қазіргі таңда Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрес және әйелдер күресінен Иван Ярыгин турнирі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, аталған халықаралық жарыста отандастарымыз екі жүлде еншіледі.

55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова финалға дейін жетіп, ресейлік балуан Александра Скиренкоға жол берді. Осылайша бұрымды балуанымыз жарысты екінші орынмен аяқтады.

Сондай-ақ 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова ақтық сында Светлана Липатовамен (Ресей) кездесті. Белдесуде ресейлік балуан басымдық танытып, жеңіске жетті. Ал Виктория Хусаинова ұлттық құрама қоржынына тағы бір жүлде салды.

Айта кетейік, жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.