Бұл қызметке 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов бекітілді.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды
325
оқылды

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл қызметке 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов бекітілді.

Данияр Қайсанов 2016 жылы Қазақстан спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» бағыты бойынша бітірген.

Айта кетейік, Қайсанов 2017 жылдан бері еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болды. Ол – екі дүркін Азия чемпионы, 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ Токио Олимпиадасының қатысушысы.

Ұлттық құраманың алдағы оқу-жаттығу жиындары ақпан айының алғашқы жартысында Алматы облысында өтеді. Осы жиын барысында бапкерлер штабының толық құрамы ресми түрде таныстырылады.