Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Парламент мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы, Конституциялық құқық саласының маманы Үнзила Шапақ Жаңа Конституция жобасындағы Қазақстан республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың қолдану міндеттілігіне тоқталып өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz
– Әдетте, Конституция мен халықаралық құқық өзара ықпалдасудың екі бағытын ұстанады. Біріншіден, мемлекет өз Конституция мәтініне халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын «жалпы адамзаттық құндылықтарды және халықаралық» құжатта бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарын енгізеді. Солай Конституцияның ең жоғары заңды күші болады.
Екіншіден, мемлекеттер ұлттық құқыққа қатысты халықаралық құқыққа басымдылық беру қағидатын басшылыққа алады. Бұл қағидат мемлекеттер арасындағы бейбітшілікті, өзара тиімді тұрақты ынтамақтастықты қамтамас етуді негізгі құқықтық кепілі ретінде қарастырылады.
Жалпы, заң ғылымында халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың ара қатынас мәселесін қоюлуының өзі – бұл екі құқықтық жүйенің дербес екенін көрсетеді. Олардың арасындағы қатынастар үстемдікпен бағыныштылыққа емес, өзара әрекеттесу, бейімделу, келісім, толықтыру, үйлестіру және сәйкестендіру сияқты қағидаттарына негізделетінін жайлы пайымдайды, – дейді Үнзила Шапақ.
Оның айтуынша, ұсынылған жаңа Конституция жобасында халықаралық шарттарға қатысты үш негізгі ереже көзделген. Яғни, Ата заң жобасында халықаралық шарттардың ел аумағында қолдану механизмі – заңдармен белгіленетіні қарастырылған. Бұл тұрғыда көздің қарашығындай қорғалатын ұлттық мемлекеттік егемендікті тікелей немесе жанама түрде шектеуге не әлсіретуге жол бермеу – негізгі міндеттердің бірі.
– Біріншісі - ҚР-ның халықаралық шарт міндеттемелерінің нормалары ҚР-ның қолданылатын құқық жүйесінің құрамдас бөлігі екені айқындалады. Осылайша, жобаның 5-бабының 1 тармағында ҚР-ның қолданылатын құқығы Конституцияның оған сәйкекелетін заңдардың ҚР Конституциялық соты мен ҚР Жоғарғы соты нормативтік қаулыларының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ҚР халықаралық шарт міндеттемелерінің нормалары деп нақты көрсетілген. Сөйтіп, ҚР халықаралық міндеттемелерден бас тартпайды. Керісінше, оны қолданылатын құқықтың, яғни қоғамдық қатынастарды реттейтін маңызды құрамы, бөлігі ретінде мойындалатыны тұжырымдалған. Бұл бойынша дау туындауы мүмкін емес. Бұрыннан бері келе жатқан қағидат. Сол қалпында жұмыс істейтін болады, – деді ол.