Валерий Рахымжан 10 метрден пневматикалық тапаншамен атудан күміс жүлдеге ие болды.
Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК
220
оқылды

Үндістанның Дели қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы екі медальмен көзге түсті.

Валерий Рахымжан 10 метрден пневматикалық тапаншамен атудан күміс жүлдеге ие болды. 

ҚР ҰОК мәліметінше, cонымен қатар отандастарымыз командалық сайыстың нәтижесінде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.