Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1995 жылы туған Гүлбағира Өтемісқызы жүктіліктің 31-аптасында дәрігерлердің көмегімен үшемді аман-есен босанған.
Шымкентте үшем дүниеге келді: дәрігерлер мерзімінен бұрын туған сәбилерді аман сақтап қалды
101
оқылды

Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентханасында үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Қалалық  Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1995 жылы туған Гүлбағира Өтемісқызы жүктіліктің 31-аптасында дәрігерлердің көмегімен үшемді аман-есен босанған.

Мерзімінен бұрын туған нәрестелер алғашқы үш тәулік бойы жаңа туған сәбилердің реанимация және қарқынды терапия бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Оларға тыныс алуды қолдау көрсетіліп, өмірлік маңызды көрсеткіштері тәулік бойы қадағаланды.

Қыз балаға Айым, ал ұл балаларға Нұрасыл және Бекасыл деген есімдер қойылды. Нәрестелердің жағдайы тұрақталғаннан кейін олар жаңа туған сәбилер патологиясы бөліміне ауыстырылып, ем-дом мен арнаулы күтім жалғастырылды.

6 қаңтар күні дүниеге келген үшемдер бүгінде салмақ қосып, әрқайсысы 2 300 грамға дейін жеткен.