Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Рината Сұлтанова Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз 20 шақырымдық жекелей сайыста топ жарды. ҚР ҰОК мәліметінше, екінші орынды Гонконг өкілі И Уин Леунг иеленсе, қола жүлде Қытай спортшысы Хао Чжанға бұйырды.
Азия чемпионаты 12 ақпанға дейін жалғасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.