Отандасымыз бессайыстан үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 4181 ұпай жинады.
Жеңіл атлет Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады
Фото: ҚР ҰОК
228
оқылды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Алина Чистякова Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отандасымыз бессайыстан үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 4181 ұпай жинады.

ҚР ҰОК мәліметінше, күміс жүлдені қытайлық Сюй Цзяхуань (4091 ұпай) иеленсе, тағы бір Қытай спортшысы У Чжэн 4013 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Нора Джеруто қола жүлдеге ие болған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.