Бұзушылықтарды жою және лицензиаттардың қызметін сәйкестендіру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Прокуратура тексерісі: 17 құрылыс компаниясына 3,4 миллион теңге айыппұл салынды
186
оқылды

Қостанай облысының прокуратурасы құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде жекелеген құрылыс компанияларының біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактілерін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Тексеру арқылы меншік немесе жалдау құқығында өндірістік базалар болмаған кезде қызметті жүзеге асыратын 200-ден астам лицензиат, сондай-ақ бірыңғай біліктілік талаптарында көзделген аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлер анықталды.

Қабылданған шаралармен 64 лицензиатқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 464-бабы бойынша хаттамалар жасалды, істерді қарау нәтижелері бойынша 3,4 миллион теңге сомасына айыппұл салумен 17 компания жауапкершілікке тартылды, 16 лицензияның қолданылуы  уақытша тоқтатылды және 2 лицензияның қолданылуы тоқтатылды.

Бұзушылықтарды жою және лицензиаттардың қызметін сәйкестендіру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.