Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы Атыраудан Құрманғазы ауданына ұшуды орындады.
Атырау облысындағы жедел медициналық эвакуация: сәби мен анасы уақытылы ауруханаға жеткізілді
274
оқылды

Кеше ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағының экипажы жедел ауруханаға жатқызуды қажет ететін науқасты шұғыл тасымалдау үшін маңызды ұшуды орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы Атыраудан Құрманғазы ауданына ұшуды орындады.

Бортқа 2025 жылы туған сәби мен оның анасы қабылданды, содан кейін әуекемесі жедел түрде Атырау қаласына қайтып оралды. Экипаж бен медицина мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында сәби одан әрі тексеру және емдеу үшін уақытылы ауруханаға жеткізілді.