Аталған тізімге сәйкес, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 72,5 келіге дейінгі орта салмақтағы чемпиондық атағын сақтап қалды.
Боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты қуанышты хабар тарады
410
оқылды

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) 2026 жылдың қаңтарына арналған жаңартылған рейтингін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Аталған тізімге сәйкес, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 72,5 келіге дейінгі орта салмақтағы чемпиондық атағын сақтап қалды.

Жаңартылған рейтингтің алғашқы үш сатысына Ұлыбритания өкілі Дензел Бентли, венесуэлалық Эндри Сааведра және кубалық Йоэнлис Эрнандес жайғасқан. Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлына қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, WBO оның чемпиондық мәртебесін өзгерткен жоқ.

Бұған дейін спорт сарапшысы Камил Гаджиев бұл істің соңы қазақстандық боксшының барлық атақтарынан айырылуына алып келуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Бірақ әзірге Ж.Әлімханұлы Халықаралық бокс федерациясы (IBF) нұсқасы бойынша да чемпиондық белдігін өзінде қалдырып отыр.

Еске салайық, 6 желтоқсанға жоспарланған үш чемпиондық белдік үшін өтетін жекпе-жек қарсаңында Жәнібек Әлімханұлына қатысты дау шыққан болатын. WBO оның сынамасынан тыйым салынған зат анықталғанын ресми түрде хабарлап, арнайы тексеру басталғанын мәлімдеді. Осы іс аясында 19 қаңтар күні кезекті тыңдау өтті.

Қазіргі уақытта қазақстандық боксшы тексеру толық аяқталғанға дейін жекпе-жектерге қатысудан уақытша шеттетілген.