Дипломаттар Наурыз мейрамымен құттықтады
Дипломаттар Наурыз мейрамымен құттықтады
© Сурет ғаламтордан
238
оқылды
Қазақстандық дипломаттар қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Олардың ыстық лебізін СІМ баспасөз қызметі жариялады.
"Құрметті отандастар! Тәуелсіздік алғаннан бастап Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі қайта оралып, еліміздің мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды. 2001 жылы Наурыз мерекесі мемлекеттік мереке болып жарияланды. 2010 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бұл мереке халықаралық мәртебеге ие болды. Наурыз мерекесі көктемнің символы, табиғат пен адами қарым-қатынастардың жаңаруын бейнелейді. Көктемнің жаңарған шуақты күнінде туысқандар бір-біріне барып, кешірімді болады және қарым-қатынастарын нығайтып, рухани тазаланады. Осы жылы коронавирустың жылдам тарауы біздің жоспарларымызға өз әсерін тигізді. Көптеген отандастарымыз белгілі жағдайлардың салдарынан өз үйлеріне жете алмай, көктемнің шуақты мерекесін туған-туысқандарының арасында қарсы алу мүмкіндігінен айырылып отыр. Қазіргі таңда қазақстандық дипломаттар отандастарымызға осы бір қиын жағдайда қол ұшын беру үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. Барлықтарыңызды төзімділік пен рухани беріктікке шақырамыз. Жақын арада Сіздер өз жақындарыңызбен қауышасыздар деген үміттеміз. Жанға жайлы мереке - Наурыз мейрамын жақсы қарсы алып, қуаныш пен жылылық атмосферасына бөленіп, туыстық байланыстарды нығайтуды, сондай-ақ жаңа жылды рухани жаңарып, жаңа күш-жігермен бастауды тілейміз! Ізгі тілекпен, қазақстандық дипломаттар!"