Келесі матч Қазақстан үшін күзде өтеді
Қазақстан Астанада Дэвис кубогында Монакодан жеңілді
234
оқылды

Астанада өткен Дэвис кубогы аясындағы матчта Қазақстан құрамасы Монако командасына сенсациялық түрде жол берді. Кездесу 1:3 есебімен аяқталды.

6 ақпан:
Александр Бублик – Уго Нис — 6:0, 6:3
Александр Шевченко – Валентин Вашеро — 0:6, 3:6

7 ақпан:
Александр Бублик / Бейбіт Жұқаев – Ромэн Арнеодо / Уго Нис — 7:6, 6:7, 6:7
Александр Бублик – Валентин Вашеро — 6:7, 6:7

Нәтижесінде Қазақстан Дэвис кубогының Әлемдік I тобында қалды. Ал Монако құрамасы күзде элиталық топқа өту үшін таласуға мүмкіндік алды.

Келесі матч Қазақстан үшін күзде өтеді. Қарсылас пен ойын өтетін орын жеребе арқылы анықталады