Спортшы кәсіби мансабындағы рекордын 10-0 көрсеткішіне жеткізді
Қазақ спортшысы америкалық PFL-дегі алғашқы жекпе-жегін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады
176
оқылды

Қазақстандық файтер Саламат Исбулаев америкалық PFL ұйымындағы дебютін сенімді жеңіспен бастады. Дубайда өткен турнирдің негізгі кардында ол Перу өкілі, экс-чемпион Хесус Пинедомен жекпе-жекке шықты.

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталып, С. Исбулаев қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіби мансабындағы рекордын 10-0 көрсеткішіне жеткізді. Айта кетейік, оның барлық 10 жеңісі де мерзімінен бұрын тіркелген.

29 жастағы Саламат Исбулаев үшін бұл — PFL-дегі алғашқы жекпе-жек әрі Қазақстан атынан лигадағы алғашқы жеңісі болды.